Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды«Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент.
Мұстақым Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде «Химиялық талдау зертханашы» мамандығы 2009 жылдан бері мамандар дайындауда.
Химиялық талдау зертханашысы - зертханада заттардың химиялық және физика-химиялық талдауын жүргізетін маман. Бұл саладағы зертханашының негізгі міндеті – химиялық сипаттағы ақпаратты алу және өндірістік процесті бақылауды, қажетті қасиеттері бар өнімдерді өндіруді қамтамасыз етеді. Зертханашының жұмысы халық шаруашылығының кез келген саласында өнім сапасының негізі бола алады.
Біздің колледжімізде қазіргі уақытқа дейін 250 – ге жуық түлектер бітіріп, яғни, бітіруші жас мамандарымыз «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты», «Ай - Дан Мұнай», «Ұлттық Сараптау және Сертификаттау орталығы» мекемелерінде, Жалпы білім беру мектептерінің химия кабинетінде зертханашы жұмысын атқарып жүр.
Химиялық талдау зертханашы мамандығын бітірген түлектер өнеркәсіптер мен кен орындарында жұмыс жасай алады.
Дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, сұрансқа ие болып жатады.





