Қызылорда облысының білім басқармасының Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледж КМК
Официальный интернет-ресурс
Біртұтас тәрбие

Біртұтас тәрбие

14 наурыз 2025 жылы, М.Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-ІТ жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес, 14-наурыз «Көрісу күні» мерекесі атап өтілді. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Шұғылалы көктем айының алғашқы жер мен көктің, айналадағы табиғаттың жаңару мерекесінің бірі болып табылады.
Осы мереке аясында, колледж фоесінде «Бауырсақ -pati» мерекелі, берекелі дастархан жайылды. Барлық І,ІІ,ІІІ-курс студенттері мен топ жетекшілері, өндірістік оқыту шеберлері жақсы көңіл күймен ат салысты. Колледж директоры Бектұр Асанханұлы жастарға мерекелік құттықтау жолдады. Ардагер ұстаздар өскелең жас ұрпаққа баталарын берді. Барлық ұстаздар мен білім алушыларға қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ таратылды.
#біртұтас_тәрбие