Қызылорда облысының білім басқармасының Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледж КМК
Официальный интернет-ресурс
Жұмысшы мамандықтары жылы

Жұмысшы мамандықтары жылы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент.

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі 1970-ші жылдардан бері «Электрмонтер» мамандарын дайындап келе жатқан оқу орны. Осы уақытқа дейін мыңдаған колледж түлектері республикамыздың әр өңірінде өз мамандығы бойынша еңбек етуде.

Индустриалды елдерде жаңартылатын энергия көздеріне, соның ішінде күн энергиясына негізделген жүйелерді дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Өндірісте және күнделікті өмірде пайдалану үшін ең қолайлы энергия нысаны, әрине, электр энергиясы.

ХХІ ғасырдың басында адамзат дәстүрлі энергия көздерінің сарқылуына және Жердің экологиялық жағдайының нашарлауына байланысты болашаққа бағытталған энергетикалық жағдаяттарды шешу мәселесіне тап болды.

Сондықтанда болашақта осы мәселелерді шешу мақсатында білікті де білгір мамандарды даярлау біздің колледжіміздің алдына қойылған міндеттеріміздің бірі болып табылады.

Жұмыстың оң аспектілерінің бірі – бұл жоғары сұраныс және қалада немесе елде кез-келген кәсіпорында жұмыс табу мүмкіндігі.