Қызылорда облысының білім басқармасының Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледж КМК
Официальный интернет-ресурс

«Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын – энергетика және көлік, автомобиль, шағын және орта бизнес субъектілеріне, құрылыс мамандарын дайындауда облыс деңгейіндегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі қара шаңырақтарының бірі әрі бірегейі.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімі Қ. Е. Көшербаевтың 2013 жылғы 30 желтоқсандағы «Кейбір мемлекеттік білім беру мекемелерін қайта атау туралы» № 435 қаулысына сәйкес Қызылорда политехникалық колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып мемлекеттік тіркеуден өтті және екі сатылы білім беру кешені, яғни: үздіксіз кәсіптік білім беру мақсатында (бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі) жүйелі түрде жүргізіліп келуде. Мұндай кешенді құрудың басты мақсаты - білім беру жүйесін заман талабына сай жақсарту және жетілдіру, бірпрофильді мамандықтардың білім бағдарламаларын сәйкестендіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес «Қызылорда политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың есімі берілді.